Баяғы жартас сол жартас

Кремль басшысы билікте қаламын деп және қолшоқпарлары аттап басқан жерінде АҚШ биологиялық зертханаларын анықтап жатыр деп дақпыртты.

Қасақана ойластырылған іс-шарада Путин ардагерлерге және көпшілікке тәуелсіз әлемде «сайлау» деп аталатын ұғыммен салыстыруға келмейтін, айлакерлікпен ұйымдастырылған рәсімнен кейін Ресей билігінде қала беремін деген мәлімдемені міңгірлеп айтты.

Осы іс-шара сымақтан соң Кремльге бағынатын ақпаратты бұрмалаушы экожелі алқымға басып, Кремльдің бас стратегінің дана басшылығымен Ресей матушкасына қаншама жақсылық жасалғандығы туралы «айғақтарды» жаудырды. Кремльдік жалған ақпарат көздеріне сенсек, Путин кезінде Ресей нағыз демократиялық елге айналып қана қоймай, сондай-ақ жаңа ғаламдық өсу орталығына айналып жатыр екен. Песков мырзаның айтуынша, Украинадағы соғыс Ресейдің жеңісімен аяқталғалы жатыр екен.

Бұның бәрі құлаққа жағымды жеткізілуде. Олай болса, қарапайым ресейліктердің бағасы аспандап кеткен жұмыртқа үшін баяғы кеңес үкіметіндегідей кезекке тұруы және кейбір азаматтардың шетелге шығатын төлқұжаттарын мәжбүрлі тапсыруы жеңіс дәмінің жақындағанының белгісі емес қой. Осыған орай, Кремльдегілердің сөзінше, Батыс «Украина дертінен» қажыған, ал АҚШ президенті Джо Байден «біз олардың (Украинаның) жеңетініне кәміл сенімді болуымыз керек» деп айтып қана қояды екен.

Көзге көрінгеннің бәрі биологиялық зертхана бола қалады екен

АҚШ биологиялық зертханалары мен оларда жасалған биологиялық заттар Кремльдің барлық уақытта құлшына айтатын қорқынышты әңгімесі екенін талай рет айтқанбыз (бір мысалды мына жерден қараңыз).

Осындай тақырыптарға қатысты дерекқорымызда 300-ден аса жалған ақпарат тіркелген және олардың жалған екенін біз дәлелдегенбіз. Сондай-ақ біз жіті әшкерелейтін мақаланы жариялап, инфографиканы әзірлеп және кремльдік бөспелер таратып жатқан, көз көріп, құлақ естімеген мәлімдемелерді жоққа шығаратын тақырыптағы бейнені де шығарған болатынбыз.

Біз және басқалар атқарған қыруар жұмысқа қарамастан (ресейлік биологтардың осы ашық хатын да қараңыз), Кремльдің биологиялық зертханалар мен қару-жарақ жайлы жалған ақпараты таралуда. Енді олар аумақтарында АҚШ басқаратын биологиялық зертханалар бар деген негізсіз мәлімдемелерді таратып, Финляндия мен Қазақстанды нысанаға алып отыр.

Айла-шарғылар арқылы ел ішінде және сыртында үрей тудыру

Финляндия жағдайында биологиялық зертханаларға қатысты жалған ақпарат қазіргі таңда әзірленіп жатқан, Финляндия мен АҚШ арасындағы Қорғаныс саласындағы келісімге (DCA) қатысты болып отыр. Кремльдің жалған ақпарат көздері Финляндияны егемендігінен айырылғалы тұрған және жерін АҚШ биологиялық зертханаларын ашу үшін ұсынып жатқан ел ретінде көрсеткісі келеді, әрине, бұл екі тұжырым да негізсіз. Кремль өз халқына Финляндияны дұшпан ретінде көрсетуді мақсат етіп отыр және соңғы кездері олар осыған мықтап кіріскен.

Финляндияны қойып, Қазақстанға келер болсақ, кремльдік дақпыртшылар АҚШ-тың Қазақстандағы болжалды істері туралы жалған ақпарат таратуда. Бұл жалған ақпаратқа сенсек, Қазақстан АҚШ-тың жаппай қыратын бактериологиялық, биологиялық және генетикалық қару-жарақ шығаратын эксперименталды базасына айналмақ — бұл енді тіптен шындықтың ауылынан алыс мәлімдеме.

Тағы айтарымыз, Финляндия мен Қазақстанға қатысты бұл жалған ақпараттың және украиндықтарға қатысты соңғы жалған ақпараттың мақсаты — көпшілік арасында үрей мен психологиялық реакциялар тудыра отырып, Ресейді АҚШ басқаратын жаулар қоршауында қалған ел ретінде көрсету.

Украина жағдайында, Кремль бұрмаланған жаңалықтарда украиндықтарды патогендер жұқтырды деп көрсету арқылы олар шетелдік аудиторияға және олардың украиндықтарға деген көзқарасына ықпал ету үшін, сондай-ақ көпжоспарлы жалған ақпарат тарату науқанының аясында Батыстың Украинаға беріп отырған қолдауын әлсірету болып табылады.

Осы аптадағы EUvsDisinfo қырағы көзі шалған жалған ақпараттарға шолу:

Categories

    %s

      Подпишитесь на обзоры дезинформации

      Ваш еженедельный обзор прокремлевской дезинформации

      Информация о защите данных *

      Обзоры дезинформации рассылаются через сайт Mailchimp.com. Ознакомьтесь с политикой конфиденциальности Mailchimp и узнайте больше о том, как ЕСВС защищает ваши персональные данные.

        Подпишитесь на обзоры дезинформации

        Ваш еженедельный обзор прокремлевской дезинформации

        Информация о защите данных *

        Обзоры дезинформации рассылаются через сайт Mailchimp.com. Ознакомьтесь с политикой конфиденциальности Mailchimp и узнайте больше о том, как ЕСВС защищает ваши персональные данные.

        🎵 Playlist