Орыс отаршылдығының білдіртпей жүргізілуіне көмектескен бес миф

Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі және менің халқымның геноциді басталғанға дейін бірнеше күн бұрын мен қатты қиналғанмын. Он жыл бойы Ресейдің отаршылдық мінез-құлқына әлемдік жұртшылықтың назарын аударуға тырысқан украиналық журналист — мен едім. Бүкіл әлем болғалы тұрған ұлтты жаппай қыру туралы бұрын-соңды болмаған, тың жаңа және таң қалдыратын нәрсе сияқты айтып жүрді. Мазасыздықты журналистикаға айналдыра отырып, мен соңғы 111 жылдағы ресейлік басқыншылық оқиғаларын тізімдейтін X жазбасын құра бастадым. Бұл жазба академиялық немесе нюанс талдауы емес, керісінше, бір-бірімен байланысты емес болып көрінетін оқиғаларды байланыстырды. Түрлі режимдер мен билеушілер кезінде Ресей өзіне жақын аймақта өзінің отаршылдық үстемдігін нығайту үшін бір формуланы қолданды, бұл — айла-шарғы жасау, басып алу, жою. Содан бері бұл пост интернетте тарады және мен оны соғыс кезіндегі украин суретшілері суреттеген нұсқаулыққа айналдырдым.

Ресейді ұйымдастырылған террористік тарихы бар отаршыл фашистік империя ретінде әшкерелеу — бұл ең алдымен әділеттілік. Бұл сонымен бірге “Бұл — Путиннің соғысы және ресейліктердің өздері де құрбан” деген танымал әңгімені тоқтатуға шақыру. Бұл — Ресейдің әрқашан осындай болғанын және жауапқа тартылмайынша, осылай болып қала беретінін әшкерелеу туралы әңгіме. Бірақ, Шухада Садакат (бұрын Шинейд О’Коннор деген атпен белгілі, отаршылдыққа қарсы, аты аңызға айналған әнші) сөзін келтіретін болсақ, әділдікті орнату үшін ең алдымен білім мен түсінік болуы керек. Әлем ресейлік отаршылдық мәселесін елеусіз қалдыра берсе, Ресейдегі режимдер мен ұрпақтар өзгеріп отырар, бірақ орыс фашизмі көрші қоғамдарды қорқытуын тоқтатпайды.

Орыс отаршылдығы туралы менің әңгімелер мен зерттеулерді өңдеу және кеңейту миссиям көптеген жолдармен ресейлік жалған ақпаратпен өмір бойы күресу бойынша жұмыстарымның арқасында қалыптасты. Оның үстіне, бұл құбылыстың мына уақыт бойы бүкіл әлемде елеусіз қалуы және адамдарды маргиналдандыруы — Ресейдің жетістіктерге толы үгіт-насихат мифтерін жасаудағы бай тарихы. EUvsDisinfo жобасындағы әріптестерім жасаған керемет жұмысқа құрмет ретінде мен Ресейді отарлаушы ретінде қарастыруға кедергі болатын бес негізгі мифке тоқталғым келеді.

1. Отаршылдық — тек ақ нәсілді батыстықтардың Жаһандық Оңтүстіктегі түсті адамдарға не істегені туралы ұғым.

Отаршылдық деген күрделі нәрсе және оны түсіну қиын деп санау бір жағынан қате болса, екінші жағынан дұрыс болып табылады.

Жанашырлықпен қарап көрсеңіз және жеке адам немесе бір қауымдастықтың мүшесі ретінде басқаның кемсітуіне немесе қысымына ұшыраған болсаңыз, мұны түсіну оңай. Түсінсеңіз, отаршылдыққа тап болған сәтте-ақ оны дереу танисыз. Мен әлемді араладым және мәдениеті мен дүниетанымы өзімдікінен мүлде басқа адамдарды кездестірдім. Кейде біз бастан өткенді айтып беру үшін әртүрлі сөздер қорын қолданатын едік, бірақ біреумен отаршылдық зорлық-зомбылық туралы сырласқан кезде, ешбір түсініспеушілік болған жоқ. Мен Оңтүстік судандық, қазақ (немесе орысша транслитерацияның орнына байырғы тілмен жазғанда — qazaq), ирланд немесе афар досыммен сөйлескен кезде, отаршылдықтың не екені және ол адамдарға не істейтіні көп сөйлемей-ақ түсінікті болып тұрды.

Мариям Найем, көрнекті украин мәдениет зерттеушісі, көбінесе өзін-өзі құжаттап, өзінің деколонизациясын сыни тұрғыдан бағалайды, “мәдени алшақтауды” отаршылдықтың әмбебап ерекшелігі ретінде айтады: өз мәдениетін құнсыздандыру және “қарабайыр” деп қабылдамау және құндылықты “жұпыны” деп санау, сөйте тұра өздерінің отаршыларының әртүрлі, үстем, тықпаланған мәдениетін керемет құндылық деп бағалау. “Мен өз “мәдени жағымпаздығымды” — адамдардың өзі туып өскен ортасының мәдениетін менсінбеуге алып келетін, санаға сіңіп қалған өзін кем санау комплексін жою үшін сансыз сағаттарымды жұмсадым. Дегенмен, бұл — емделу процесі ғой”, – деп жазады Найем.

Күрделі бөлігі оның барлығын жүйелеуден басталады. Отаршылдық түрлі формада болуы мүмкін. Империализм (экономика мен жерді басып алу) мен отаршылдық (халық болмысы мен мәдениетін басып алу) арасындағы айырмашылықты білу және Ресейдің неліктен шынымен отаршыл империя екенін түсіну өте маңызды. Мен және Мариям Найем Воля Хаб үшін дайындаған бірнеше бөлімдік видео түсіндірмелерде біз отаршылдық империя тек жер аумағына ғана қатысты емес екенін атап көрсетеміз; бұл — ең алдымен халықтың өз болмысы және империя оны жою немесе бұзу арқылы қалай үстемдік ететіні туралы әңгіме. Отаршылдық түрлі формада болуы мүмкін екенін көрсететін зерттеулердің саны артып келеді. Тіпті Ресей империясының ішінде, Украинадан бастап (украиндардың тегін иемдену), Қазақстанға дейін (ақ нәсілділердің үстемдік етуі) әртүрлі формадағы отаршылдық бағындыру отырықшы отаршылдық арқылы тамыр жайып алды.

Бұл тек шетелдегі колониялар мен түсті адамдардың құлдығы туралы болмауы керек.

Шын мәнінде, соңғысы батыс зерттеушілерінің архаикалық көзқарасы және батыстық “отаршылдық көзқарастың” қалдығы: Батыс отаршылдық империяларының осындай болғаны басқа елдердегі отаршылдықтың да осындай сипаттарға ие болатынын білдірмейді. Біз бүкіл отаршылдық тәжірибесіне тек батыстық көзқараспен қарай алмаймыз.

2. Мәскеуге қарап Ресейді жақсы түсінуге болады

“Темір перде” тек Кеңес Одағына қатысты айтылған сөз емес. Сондай-ақ ол Ресейдің ғасырлар бойы құрған, құлдықтағы халықтың үнін сыртқа шығармайтын қақпа мәдениетіне қатысты. Шетелдіктерге біздің кім екенімізді, қайдан келгенімізді, тағдырымыз қандай екенін түсіндіруде Мәскеу толық монополия болды. Сондай-ақ бұл – Ресейдің не екендігі және орыстардың кім екендігі туралы мифологияны беделді түрде құру мүмкіндігі. Бұл шетелде Ресейге немесе Ресейдің айналасындағы елдерге қатысты барлық нәрсені әрқашан тек орыстар түсіндіретін үрдіске әкелді.

Отарлаушы призмасы арқылы украиндар, қазақтар немесе молдовандар кім екендігі туралы бұрмаланған жаһандық білім осылайша құрылған. Енді отарсызданатын уақыт келді.

“Ұлы орыс мәдениетін” романтизациялаудың Толстоевский мәдениеті деп аталатын мәдениетті Мәскеу билігі Ресей отарлаған байырғы мәдениеттерден тонап, иемденіп алу фактілерін жасырып, дүниежүзілік деңгейде жарнамалады. Енді отарсызданатын уақыт келді.

Осылайша Батыстағы әрбір ірі оқу орындарында мыңдаған “ресейлік сарапшыларды” дайындап шығаратын “Славян/Шығыс Еуропа/Еуразия/Орыс” кафедралары болды, осы себеппен әлі күнге дейін Украинада болып жатқан геноцидті болжау мүмкін болмады. Енді отарсызданатын уақыт келді.

Осылайша Ресей империализмге, отаршылдыққа және нәсілшілдікке қарсы күрестің чемпионы деген мифтен алыстап, сонымен бірге темір перденің артында нәсілшілдікті тіпті институционалдық деңгейде бекітіп, отаршылдық жаулап алу тарихын шетелге, оның ішінде — Африка мен Америкаға дейін кеңейтті.

Сондықтан, осы күнге дейін Украинадан (немесе басқа бұрынғы не қазіргі Ресей отарларынан) шыққан жан айқайы басқа да жәбірленуші елдермен қатар Украинадағы қазіргі геноцид бұрын да болып келген нәрсе екеніне назар аудартуы керек. Орыс отаршылдығы тексерусіз және ескерусіз қалса, бұл қасірет бұрын орын алып келгендей, алдағы уақытта да талай рет бола береді.

Бұл мәселелерді отарлаушылар мен олардың ұрпақтары емес, отаршылдықтан аман қалғандар алға қоюы керек, сондықтан бұл әңгімеде әртүрлілік пен ерекшелік те айтылуы тиіс.

3. Отарлаушы — құрбан, ал қалған дүние — русофобтар

Олар: “Біз өркениет алып келеміз!” – дейді. Олар: “Біз сені қорғауға келдік!” – дейді. Олар: “Біз өзімізді қорғауға мәжбүрміз!” – дейді.

Украинада жалғасып жатқан геноцид болсын, 2008 жылғы Сакартвелоға (Грузия), 1939 жылғы Финляндияға немесе 1911 жылғы Иранға жасалған шабуылы болсын, Ресей өз шабуылын ақтау үшін әрқашан өзін-өзі құрбан етіп көрсететін шешендік өнерін қолданады. Бұрынғы империя зорлық-зомбылық жасады деп сынға ұшыраған кезде, кейінгі Ресей режимдерінің бір ғана қарсы аргументі болды: “Русофобия.” Бүгінгі күнге дейін бұл аргументті тек Путин ғана емес, тіпті Путинге қарсымыз деген ресейліктер де кеңінен қолданып келеді.

Бұл Шығыс Еуропа бойынша әлемнің жетекші тарихшыларының бірі — Тимоти Снайдердің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне берген мына куәгерлік сөзінен алынды:

“Императорлық күш шын құрбанды адамгершілігі жоқ етіп көрсетіп, өзін құрбан ретінде мәлімдейді. Ал жәбірленуші (бұл жағдайда — Украина) шабуылға, өлімге және отарлануға қарсы шыққан кезде, империя өзіне төнген “қауіпке” жауап бермей, тыныш отыра бергеніміз ақылға қонымсыз, аурулардың ісі деп мәлімдейді. “Бұл — фобия!” – дейді. Шын жәбірленушілерді санасыз тіршілік иелері, жек көрушілер, оларда “фобия” бар деп көрсету, әрине, жұртшылықты әлемдегі шын құрбандыққа ұшырап жатқандардан назарды тыс алып кететін агрессия, жаугерлік және қатыгездік айла болып табылатыны айқын. “Русофобия” термині — бұл назарды нақты агрессивті соғыстан алыстатып, агрессорлардың сезімдеріне қарай аудару және сол арқылы нағыз зардапты шегіп жатқан халықтардың мәселелері мен жағдайларын жауып тастауға арналған империялық стратегия. Империалист былай дейді: “Бұл жерде біз ғана халықпыз. Біз — нағыз құрбандармыз. Біздің зардап шеккен сезімдеріміз басқа халықтардың өмірінен маңыздырақ.”

Егер мен ағылшындардың, француздардың немесе американдықтардың отаршылдық қылмыстары туралы айтсам, мұным адамзатты жеккөрушілік қылмысы деп танылып, болмаса олардан жауап беруді талап етсем, мұным қылмыскерді қорлау қылмысы деп танылып, мені Солтүстікте де, Оңтүстікте де — бүкіл әлем жаппай айыптаушы еді. Онда неге Ресей ғана жеккөрінішті болуы керек?

4. “Империялық кінәсіздік.”

Олар: “Қылмысты патша істеді ғой!” дейді. Олар: “Сталин істеді!” дейді. Олар “Мұны Путин істеді!” дейді.

Орыс қоғамында империализм, фашизм және отаршылдыққа қатысты ескі және шешілмеген мәселе бар. Тіпті қазіргі заманғы соғысқа қарсы ресейліктер де өз елінің істеп жатқан немесе бұрын істеген геноцидтік қылмыстары үшін барлық жауапкершілікті бір жеке диктаторға, билеушіге немесе бір режимге жүктеуді жөн көреді. Ғасырлар бойғы орыс отаршылдық зорлық-зомбылық мәдениетін мойындау туралы кез келген әңгіме туындаса, мұны Путиннің жақтастары да, оның ресейлік қарсыластары да бірдей “русофобия” деп танып, өттері жарылып кете жаздайды.

Қазақтың көрнекті ойшылы Ботакөз Қасымбекова ханым бұл құбылысты сипаттау үшін “империялық кінәсіздік” терминін енгізді. Орыстар “бұрын Ресей отарлаған халықтардан адалдықты, оның ішінде орыс тілін білуді, саяси жақтастықты және Батыс ықпалына қарсы бірлікті күтеді. Осындай империялық көзқарас бойынша, Ресейдің орыс емес халықтарға жүргізіп отырған билігі — отаршылдық емес, керісінше — қазіргі заманда қажет сыйлық екен. Бұл — артта қалған адамдар үшін істелетін терең альтруистік әрекет. Ресейдің мәдени үстемдігін жоққа шығару, оның ішінде тәуелсіз сыртқы саясат құру және Ресейдің кеңестік тарихқа деген көзқарасына қарсы тұру – саяси опасыздық… Тәуелсіздікті іздеу Ресейде құрбандық сезімін тудырады, Ресей империясының өзіндік бейнесімен келіспеушілік Ресейдің мәдени ұлылығына қарсы шабуыл сияқты”, – деп жазады Қасымбекова ресейлік отаршылдық туралы эссесінде.

Империялық кінәсіздік туралы миф — бұл Ресейдің отаршылдық үстемдігін сақтап қалуға деген тұрақты және бірлескен ұмтылысында тарих бойындағы әртүрлі орыс режимдерін байланыстыратын идеологиялық арқау. Ресей өзінің империялық үгіт-насихатын тарих бойы өз атауын шексіз өзгеру арқылы сақтап келеді: патшалық, империя, одақ, федерация. Бұл Мәскеуге өз империясының отаршылдық сипатын ұзақ уақыт бойы жасыруға мүмкіндік берді. Жауапкершіліктен қашу үшін әртүрлі режимдерге көшіп, жаңадан келген билеуші бұрынғы биліктің қылмыстары үшін жауапкершіліктен қашып отырды: “Кешіріңдер, балақайлар, бізде жаңа режим басталды, өткеннің бәрі өткенде қалады”.

Бұл — жауапкершіліктен қашудың бұрын-соңды болмаған керемет стратегиясы.

5. Ресейді отарлаушы деп айыптау қисынсыз, өйткені ол тарихта ешкімді жәбірлеген жоқ

Мен ресейлік отаршылдықты он жылдан астам зерттеп келе жатқаныма қарамастан, Ресейдің отаршылдық қылмыстары немесе оның ондаған миллион құрбандары туралы кез келген көрнекі құжаттық дәлелді (тіпті кеше ғана болған тарихтан да) табу қаншалықты қиын екеніне таң қалдым. Мәскеу 1940 жылдары қырымдықтар немесе қалмақтар сияқты тұтастай бір халықты бір түннің ішінде жер аударған, бірақ бұл қылмыстардың қоғамға пайдасы тиетін жеткілікті фото немесе бейне дәлелдерін табу мүмкін емес. Ресейдің Сібірдегі немесе Арктикадағы оқшау орналасқан жергілікті халықтарға басып кіруінің дәлелдерін табу одан да қиын.

Дәлелдерді табу неге қиын? Отарланған халықтар арасындағы тарихи айғақтарды жасыру немесе жою бойынша жүйелі жұмыс істеп отыру — Ресей отаршылдық жетістіктерінің ажырамас бөлігі болып табылады. 2022 жылдың 24 ақпанынан кейін орыстар Запорожье облысындағы менің туған ауылымды басып алды. Олардың алғашқы істерінің бірі — жергілікті мұрағаттар мен кітапханаларды тінту және олардан украин тілінде табылған барлық нәрселерді тартып алу және өртеу болды. Олар тіпті кейбір жергілікті үйлердегі отбасылық фотоальбомдарды әдейі жойды.

Ресейдің тарихты қайта жазу және орыс өркениеттік үстемдігінің идеологиясына қайшы келетін шынайы дереккөздерді жою саясаты ғасырлар бойы және түрлі режимдерде өзгеріссіз жалғасып келеді.

Сіздің шыққан тегіңіз туралы ақпарат жойылған кезде, империя үшін сіздің кім екеніңізді, қайдан келгеніңізді және тағдырыңыз қандай болатынын айту әлдеқайда оңай болады.

Білімнен — әділдікке. Енді не болады?

Украиндардың қарсылығы қазір Чехиядан Қырғызстанға дейінгі орыс отаршылдығы деген не екенін жақсы білетін халықтардың барлығын шабыттандырады. Егер Украина құласа, отаршылдық терроризмнің бітпейтін циклі жалғаса береді. Ресей көбірек елдерді басып алады, көбірек жерлерді ұрлайды, жергілікті халықтардың үндерін өшіреді. Демек, Украина империяны өз аумағынан қуып жібере отырып, азаттық, империяның жойылуы және отарсыздану туралы осы әңгімелердің барлығының болашағының болуына не болмауына орасан зор ықпал етеді.

Империяны жоюдың ең жақсы жолы — Украина қарулы күштерін қолдау. Орыс отаршылдығы туралы әңгімелерімде мен Украинаға жеткілікті қару-жарақ болмаса, Ресей отаршылдық империясын әшкерелеу бойынша атқарылған жұмыстардың бәрі мағынасыз болатынын баса айтамын.

Одан әрі күтіп тұрған нәрсе — азарлаушының дауысы емес, тірі қалғандардың дауысын іздеп, оларды орталықтандыру жұмысы.

Мен — эмпатикалық және әділеттілікке бағытталған журналистикамен айналысатын автормын. Сондықтан, ақпаратты толық ашу үшін орыс отаршылдығының мәдениетін түсіндіру және әшкерелеу жұмысы — өзім үшін де өте маңызды нәрсе. Менің ата-бабаларымның көбісін орыс отарлаушылары өлтіріп, ұрлап әкеткендіктен немесе жер аударғандықтан, менің отбасымда шексіз олқылықтар бар. Мен өмір бойы шатастырылған өз тегімді анықтау үшін күресіп келдім, мұндай шатасудан өз тамырларыңыз туралы көп біле алмайсыз, ал білетін аз ғана нәрсем — тек жек көрушілікке алып келеді. Украиндық тегімді білу үшін маған журналистік зерттеу дағдылары қажет болды. Бірақ осы жолға түскен соң мен бұл оқиғаның тегіннен тегін орын алмағанын және ол тек маған ғана қатысты емес екенін, бұл менің шыққан тегімді жоюды мақсат еткен құл ету және орыстандыру саясатының үлкен схемасының бөлігі екенін көре бастадым. Сіздің шыққан тегіңіз жойылған кезде, империя үшін сіздің кім екеніңізді, қайдан келгеніңізді және тағдырыңыз қандай болатынын айту оңайырақ болады.

“Сіздің тегіңіз бен дүниетанымыңызда жатқан сондай маңызды не нәрсе бар және отарлаушы сізге нені таңып қойды?” Біз әрқашан нақты жауап таба алмаймыз; отарсыздандыру өмір бойына созылуы мүмкін. Бірақ осы хабардар ету жолын бастау аман қалғандар үшін де, империализм мен отаршылдықтың барлық түрлерін тоқтатуға ниеттілер үшін де өте маңызды болып табылады.

“Орыс отаршылдығы 101” нұсқаулығын ашқанда, бірінші бетте “Империя құлайды” деген бір ғана сөз тіркесі бар. Маған ең зұлмат кезең жағдайында осы кітапты үмітпен бастау қажет болды. Бірақ бұл да — факт. Тарихта барлық империялар ыдырады ғой. Халықтардың хабардар болуы, әділдікке ұмтылуы және әскери жеңіліс арқылы небір империялар құлады, Ресей де құлайды. Бөлінген, қарусыздандырылған және отарсыздандырылған Ресей — жүзеге асыруға болатын, бейбітшілікке алып баратын жалғыз жоспар.

Disclaimer

Categories

    %s

      Подпишитесь на обзоры дезинформации

      Ваш еженедельный обзор прокремлевской дезинформации

      Информация о защите данных *

      Обзоры дезинформации рассылаются через сайт Mailchimp.com. Ознакомьтесь с политикой конфиденциальности Mailchimp и узнайте больше о том, как ЕСВС защищает ваши персональные данные.

        Подпишитесь на обзоры дезинформации

        Ваш еженедельный обзор прокремлевской дезинформации

        Информация о защите данных *

        Обзоры дезинформации рассылаются через сайт Mailchimp.com. Ознакомьтесь с политикой конфиденциальности Mailchimp и узнайте больше о том, как ЕСВС защищает ваши персональные данные.

        🎵 Playlist