Жалпы таралған 5 кремльшіл жалған нарратив
“Нарративтер” ұғымы көбінесе ресейлік және кремльшіл жалған ақпарат тарату және ықпал ету әрекеттері туралы контексте пайда болады.
- Нарратив дегеніміз мәтіндер, суреттер, метафоралар және басқа да жолдармен жеткізілетін жалпы хабарлама. Мысалы, кейбір саясаткерлерді қайта-қайта алаяқ ретінде көрсету, саясаткерлердің барлығын жемқор және өтірікші деп көрсету;
- Кремльді қолдайтын жалған ақпарат тарату құралдары белгілі бір оқиғалардың шаблоны ретінде пайдалануға және көзделген аудиторияға бейімдеуге болатын нарративтер жинағын пайдаланады. Әртүрлі аудиторияларда сан-алуан нарративтер қолданылады;
- Мұндай нарративтердің кейбірі жүздеген жылдар бойы қолданылып келеді. “Шіріген Батыс” нарративінің әртүрлі нұсқаларын 19-ғасырдан бергі құжаттардан байқауға болады.
- Нарративтерді ағымдағы оқиғалар және басым көзқарастар негізінде біріктіруге және өзгертуге болады.
Мұнда ресейлік және кремльшіл мәліметтер тарататын ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланып отыратын ең көп таралған бес нарративке шолу жасалған.

“Зұлым элита” өкілдері қарапайым “халықтың” қамын мүлдем ойламайды деген идеяға негізделген бұл нарратив жалпы популистік әңгіме болып табылады, ол әсіресе сайлау циклдері кезінде өршуі мүмкін. Мұндай жағдайды талай рет көрдік: өздерін “халық дауысымын” немесе “шыдап жүрген көпшілік өкілімін” деп мәлімдеген партия немесе үміткер осы нарративті саяси құрылымға шабуыл жасау үшін қолданады және сайлаушыларға күрделі мәселелердің оңай шешімдерін ұсынады. Бұл нарратив өте сәтті болуы мүмкін, себебі ол көзделген аудиторияға кез келген наразылыққа кінәліні тауып береді, мысалы: банкирлер, ірі корпорациялар, еврейлер, олигархтар, мұсылмандар, Брюссель бюрократтары. Ресейлік және Кремльшіл жалған ақпарат тарату агенттіктері бұл нарративті 2016 жылғы Brexit референдумы қарсаңында белсенді түрде пайдаланды, мұны келесі екі Sputnik мақаласынан байқауға болады: “Еврократия қаупі Еуропаға қауіп төндіруде” және “Ваффен-ЕО”. Оқиғаның екеуі де “Шығу” науқанымен қатты резонанс тудырды.

Сайлау процесінің заңдылығына күмән келтіру де осы нарративтің көп тараған сипаты болып табылады. Мысалы, Sputnik элита сайлауды бұрмалайды деген идеяны баса көрсету үшін сайлаудың бұрмалануы туралы жиі “айтып береді”. Осында Германия (немісше), Швеция (орысша) және Украина (орысша) туралы мысалдар келтірілген.
“Элита халыққа қарсы” нарративінің ұзақ, жүз жылдан астам тарихы бар. Оның жеткізушілері өздерін парасаттылықтың дауысымыз деп санайды және құқығынан айырылған азаматтардың атынан сөйлейді, билікке “шындықты” кез келген жағдайда жасыруға тырысатын элитаға туралы шындықты айтады. “Шындық” көптеген мәселелерге, соның ішінде көші-қонға, саясатқа және экономикаға қатысты болуы мүмкін; ал шындықты жасырғаны үшін “кінәлі” деп саналатын белгілі элита мақсатты аудиторияның наразылықтарын ескере отырып, стратегиялық түрде таңдалады. Шынында да, бұл нарративті мынадай шексіз болып көрінетін мәселелерге бейімдеуге және қолдануға болады: “Көші-қон дағдарысын арзан жұмыс күшін алу үшін ірі корпорациялар туындатып отыр”; “Жаһандық жылыну қауесетін банкирлер қоғамның назарын шынымен бар мәселелерден басқа жаққа аудару үшін пайдаланады”. Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады…
Қорыта келгенде, бұл тақырып қарапайым адамдарға жанашырлық сияқты көрінгенімен, оның тамырында қатаң авторитарлық ниет жатыр. Айтылған талаптарды негіздеу үшін дәлел сирек беріледі және астыртын ойлау қағидаларына сүйене отырып, дәлелдердің жоқтығының өзі кейде дәлел ретінде пайдаланылады: “Астыртын әрекеттерінің барлық ізін жасырып тұрған элита өкілдері қандай мықты!” Әдетте, бұл нарратив оқырманды тек нарративті айтушының сөзіне сүйенетіндей етіп айтылады: “Мен шындықты білемін, маған сенуіңізге болады!” Шынында да, астыртын әрекет теорияларына негізделген барлық басқа нарративтер сияқты, бұл да өз аудиториясын шын фактілерді емес, әншейін шындықты талап еткен сымақ сөздерді факт ретінде қабылдауға итермелейді.

“Қауіптегі құндылықтар” нарративі тақырыптардың кең ауқымына бейімделген және әдетте әйелдердің, этникалық және діни азшылықтардың және ЛГБТК топтарының құқықтары туралы Батыстың прогрессивті көзқарастарына қарсы шығу үшін қолданылады. Бұл нарративте “әйел сияқты Батыс” декаденттіктің, феминизмнің және “саяси дұрыстық” шабуылының астында шіріп жатыр, ал Ресей дәстүрлі еркекше құндылықтарды бейнелейді. Бұл нарратив Еуропаның айқын моральдық құлдырауын бейнелейтін Ресейдің мемлекеттік жаңалықтар агенттігі — “РИА Новости” газетінің 2015 жылы шыққан мультфильмінде (Гитлерден бастап, жыныстық ауытқуға, құтырған қорқау қасқырлардың болашағына дейін көрсетілген) бейнеленді. Құндылыққа негізделген жалған ақпараттар әдетте “дәстүр”, “әдептілік” және “сауаптылық” сияқты үрейлендіретін ұғымдарға негізделеді, олардың барлығында оң коннотациялар бар, бірақ олар көбіне астыртын әрекеттерді жасыру үшін пайдаланылады. Бұл нарратив дәстүрлі құндылықтарды ұстанатындарға енді оларға қарсылық білдіріп, моральдық тұрғыдан банкрот дистопия орнатуға тырысатындар тарапынан қауіп төніп тұрғанын көрсететін “Біз оларға қарсымыз” шеңберін жасайды. Ресейлік және кремльшіл ақпарат тарататын агенттіктер 2018 жылғы Швецияның жалпы сайлауы қарсаңында бұл әңгіменің түрлі нұсқаларын алға тартты, оны мұнда және мұнда көруге болады. Атышулы “Санкт-Петербург тролль фабрикасы” РИА ФАН ақпараттық агенттігі сияқты орыс тілді басылымдарда бұл тақырыптың тілі әсіресе агрессивті көрінеді: “Жеңімпаз толеранттылық еліндегі жағдай: “Гейлер және лесбиянкалар өктемдік көрсетіп, ерлер мен әйелдерге қысым жасайды, русофобия мен қорқынышты таратады”.

Жеке тұлғаның жеке қол сұғылмаушылық, қауіпсіздік және сөз бостандығы құқықтарын қолдайтын құндылықтардың батыс тұжырымдамасынан айырмашылығы, ресейлік құндылықтар жүйесі әр адам сәйкес келетін ұжымдық нормалардың жиынтығын қамтиды. Әйтсе де, тақырып әрқашан адамгершілік пен дәстүршілдікке берілген үнсіз көпшілік либералдық “тирания” шабуылына ұшыраған моральдық биік ұстанымнан көрінеді. Көзделген аудитория отбасылық құндылықтар, христиандық және тазалық үшін батыл күресетін қаһармандар қатарына қосылуға шақырылады.

Ресейлік және кремльшіл ақпарат көздері “кейбір елдер енді шын мәнінде егеменді емес” деп мәлімдегенді ұнатады. Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттігі РИА Новости бұл идеяны мультфильм арқылы көрсетеді: Сэм аға газ плитасының отын жағып, еуропалықтарды секіртіп, санкцияларға наразы болып, жалынуға (Ресейге, әрине) мәжбүрледі.

Бұл нарративтің мысалдары өте көп: Украинаны шетелдіктер басқарады және Балтық жағалауы мемлекеттері шын мәнінде елдер емес. ЕО-ты Вашингтон басқарады. НАТО мен ЕО милитаристік және бюрократиялық амбицияларға ұмтылып, өз мүше-мемлекеттерінің және, әрине, өз азаматтарының мүдделерін елемейді (кейде тіпті әдейі емес, жай ғана біліксіздігі немесе шындықтан алшақтығы кесірінен). Дәрменсіздік немесе қара ниеттілік сияқты түсіндірменің қайсысы жаман екенін шеше аласыз.
Жоғалған егемендік туралы бұл әңгімемен тығыз байланысты ұлттық бірегейлік қауіп төнген, мұнда экзистенциалды қауіп түрлі көздерден туындайды: Ислам, гейлер, балалар құқықтары және т.б.
Соңғы оқиғалар бұл әңгімелердің аудиторияға қатты әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Еуропа үкіметтері тек НАТО, Брюссель және Вашингтонның нұсқауларын қабылдайды. Еуропаны АҚШ басып алды. Германия бұдан былай егеменді мемлекет емес. Ұлттық үкіметтердің еуропалық ынтымақтастығы мемлекеттің шетелдік билеушілерге бас июі ретінде бейнеленген.
Бұл тақырып бірнеше еуропалық сайлаулар мен референдумдарда сәтті қолданылды. Сайлаушыларды олардың шағымдары ресурстардың “басқаларға” — шетелдіктерге, банкирлерге, корпорацияларға, азшылықтарға жіберілуінің нәтижесі екеніне сендіру тиімді манипуляция стратегиясы болып шықты. Шынында да, аңызға айналған ұлттың баянды өткен уақытына деген ностальгияны күшейтумен бірге бұл нарратив ең зиянды жалған ақпарат беру стратегияларының бірі болып табылады. Ол Каталан тәуелсіздік референдумына, Brexit-кежәне бірнеше ұлттық сайлауға байланысты орналастырылған.

Жоғарыда айтылғандай, Ресей ғасырдан астам уақыт бойы Еуропаның жақын арада күйреуін алдын ала болжап келеді. Еуропаны немесе ЕО-ға мүше елдерді “азаматтық соғыстың алдында” деп сипаттау нарративі 1919 жылғыдай, 2019 жылы да қолданылды. Бұл — Еуропаның күйремегеніне және көптеген көрсеткіштер бойынша гүлденуін жалғастырғанына қарамастан, әдетте мақсатты аудиториямен жақсы резонанс тудыратын тақырып.

Бұл әңгімені ресейлік және кремльшіл жалған ақпарат беру агенттіктері үнемі қолданады: ЕО супермемлекеті күйреді, АҚШ экономикасы күйреді, НАТО ыдырады, Сары жилеттілер қозғалысы банк жүйесін бұзады. РИА Новости мультфильмі Еуропадағы терроризмді еуропалықтар байқамай қалтасына салып кеткен өлімші шаян деп сипаттайды.
Өз елдеріндегі саяси және әлеуметтік күйзелістерден қорқатын көзделген аудитория (заңды немесе заңсыз) бұл тақырыпты әсіресе сезімтал қабылдайды.
Осылайша, бұл нарратив, әсіресе, 2015 жылдың күзіндегі көші-қон дағдарысы кезіндегі сияқты нақты саяси сынақ кезеңдерінде жақсы жұмыс істейді. Еуропаға мигранттардың орасан зор ағыны, әрине, еуропалық үкіметтерге үлкен қиындық тудырды, бірақ ресейлік және кремльшіл БАҚ жағдайды өрескел, тым жоғары және ақыр заман терминдермен бейнелеп, дағдарысты “жүйелі түрде болып тұратын күйреу деп” хабарлады. Әрине, жүйе бұзылмай аман қалды, бірақ күйреу бейнесі әлі күнге дейін сақталған.
Дәл осындай көзқарас Франциядағы сары жилеттілердің наразылығын ресейлік және кремльді жақтайтын материалдардан да байқалады. Үкімет пен саясатқа наразылық білдіру құқығы демократияның ажырамас бөлігі болып табылады және кез келген еуропалық мемлекеттің азаматтары көшеге шығу құқығын пайдаланады. Сары жилеттілердің қозғалысы еуропалық демократиялық дәстүрге жатады және жүйенің бұзылуының дәлелі емес.
Бұл әңгіме кейде еуропалық моральдық құндылықтар мен дәстүрлердің бұзылуына шағымдану үшін де қолданылады. Мысалы, ресейлік және кремльшіл мәлімет тарататын ақпарат құралдары Еуропадағы балалар құқықтарын отбасылық құндылықтарға шабуыл ретінде сипаттайды. Еуропа барлық әдептілік пен моральдан бас тартып, күйреп жатыр.

Жалған ақпарат таратудағы соңғы шара — әдетте бұлтартпас дәлелдер немесе аргументтермен бетпе-бет келгенде, шын тақырыпты күлкіге айналдыру. Скрипаль ісі осы стратегияның тамаша үлгісі болып табылады. Ресейлік және кремльшіл мәліметтер тарататын ақпарат құралдары қастандық әрекетті мысқылмен басып, бүкіл трагедияны бір үлкен сарказмға айналдыруға тырысты. Жалпы алғанда, сайлауға байланысты бұл әдіс демократия ұғымын, демократиялық процедураларды және кандидаттарды кемсіту үшін әртүрлі қорлайтын сөздерді қолдануды қамтиды. Кремльдің көмекшісі Владислав Сурков демократия ұғымын “бұзықтардың шайқасы” деп сипаттап, оның орнына Еуропаға балама ретінде Владимир Путиннің “ағартушылық билігін” ұсынады. Украина президенті Петр Порошенконы Украинадағы бүкіл сайлау процесі сияқты кремльшіл БАҚ үнемі мазақ етеді. Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірнеше кандидаты бар және айқын нәтижесі жоқ сайлау цирк болып саналады.

Әрине, сатира, юмор және пародия — бұлардың бәрі қоғамдық дискурстың құрамдас бөліктері. Саясаткерлерді мазақ ету немесе бюрократтарды әзіл ету құқығы кез келген демократияның өміршеңдігі үшін маңызды. Бұл ирониялық, демек, ресейлік және кремльшіл жалған мәліметтер тарататын ақпарат құралдары көбінесе өздерінің батысқа қарсы өтіріктері мен алдауларын сатира пердесінің астына жасыруға тырысады, Кремльді сынайтын немесе оның саяси күн тәртібіне нұқсан келтіретін кез келген сатираға шыдамдылықпен қараудың орнына олардан бас тарта отырып, мұны өздерінің сөз бостандығы құқықтары деп мәлімдейді. Бұл екіжүзділіктің мысалы ретінде Ресейдің 2018 жылы британдық Сталиннің өлімі комедиясына тыйым салуын келтіруге болады.
2017 жылғы баяндамада НАТО-ның StratCom Excellence орталығы ресейлік және кремльшіл ақпарат тарататын агенттіктердің батыстық саяси көшбасшыларды қаралау үшін әзіл-қалжыңды қалай пайдаланатынын түсіндірген баяндамасын жариялады. Оның авторларының бірі, латвиялық ғалым — Солвита Дениз-Лиепнице институттар мен саясаткерлерді келемеждеуге негізделген дезинформацияның осы нақты бренді үшін “хахаганда” терминін ұсынды. Хахаганданың мақсаты — аудиторияны белгілі бір әзілдің ақиқатына сендіру емес, үнемі келемеждеу және қорлау арқылы белгілі бір көзделген нәрсенің сенімділігіне нұқсан келтіру.

Көріп отырғанымыздай, бес нарратив бір-бірімен тығыз байланысты, оларды “зұлым элита” басқаратын құқықсыздық тақырыбы байланыстырады. Ұлттық үкіметтер әлсіз және тиімсіз; азаматтар құқығынан айырылды, олардың дәстүрлері жойылады, бұл кімнің қолымен жасалған қастандық? Бұған жауапты Брюссельдегі бюрократтар, корпоративті бизнесмендер, көлеңкелі билеушілер және, әрине, фашистер кінәлі! Еуропа мен Батыстағы осы хаос, сенімсіздік және моральдық құлдыраудан айырмашылығы — Ресей аталық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың көзі ретінде бейнеленеді. Шын мәнінде, жетекші ресейлік дауыстар тіпті болашақ үшін идеалды саяси жүйе ретінде Ресейдің “ағартушылық авторитаризм” режимін жақтайды.
Бұл негізгі нарративтердің тағы бір ортақ ерекшелігі — олар сенімсіздік пен әлеуметтік бытыраңқылықты тудыру үшін демократияны жою мақсатымен батыстың демократиялық институттары мен құқықтық жүйелеріне шабуыл жасайды. Сенімсіздікті дамытудың бұл стратегиясы азаматтарды олардың демократиялық үдеріске қатысуының мағынасыз екеніне сендіруге арналған: дауыс беру бекер, өйткені жүйе элитаның пайдасына “алданған” және тек қарапайым азаматтарды қанайды. Осылайша, демократия қазіргі заманғы қиындықтарды шешуге тиімсіз және жарамсыз фарс ретінде бейнеленеді.